Семейде сан түрлі балалар арбасы көпті таңқалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде сан түрлі балалар арбасы көпті таңқалдырды

Семейде сан түрлі балалар арбасы көпті таңқалдырды

Семейде кәдімгі балалар арбасы киіз үй, пираттар кемесі, үндістің лашығына айналды. Осылайша ата-аналар балаларды қорғау күніне арналған шеруге атсалысты.

  • 2 Маусым 2015
  • 245
Фото - Caravan.kz

Шараның өтетіні туралы 1 апта бұрын әлеуметтік желілер арқылы хабарланған. Бала арбасын безендіріп, саябаққа 40 отбасы келіпті. Ата-аналар қиялдарына ерік берген. Арбаны танымастай етіп өзгерту үшін бірнеше күн кеткен екен. Оған мінген бүлдіршіндерін де арба тақырыбына сай киіндіріпті. Ақырында ең креативті арба деп үндістің лашығы кейпіндегі туынды танылды.

Гүлдана Ақышева, Семей қаласының тұрғыны:

-Бір күніміз кетті. Күйеуіміз екеуміз дайындадық осы кешке. Енді әр сайысқа қатысу біз үшін міндет қой. Жеңу-жеңбей біз үшін маңызды емес.