Ақтөбеде көшедегі камералар шенеуніктер мен прокурорларды қырқыстырып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде көшедегі камералар шенеуніктер мен прокурорларды қырқыстырып қойды

Ақтөбеде көшедегі камералар шенеуніктер мен прокурорларды қырқыстырып қойды

Ақтөбелік прокурорлар қала басшыларынан көшелердегі бақылау камераларын ішкі істер органдардарының иелігіне беруді талап етуде. Тәртіпті қадағалауы тиіс құрылғылар қазір толықтай істен шыққан. Ал жөндеу жұмыстары үшін қазынадан ақша текке кетіп жатыр дейді құзырлы органдағылар. Бірақ мұнымен жергілікті билік келіспей отыр.

  • 2 Маусым 2015
  • 234
Фото - Caravan.kz

Көшедегі камералар осыдан үш жыл бұрын демеушілердің көмегімен қойылған. Бұзақыларды бұлтартпай ұстауға арналған сол құрылғылардың қазір бірі де істемейді. Ал жөндеуге деп мемлекеттің миллиондары жұмсалып жатыр дейді прокурор.

Маратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма бастығы:

-Пайда жоқ бейнекамералар. Қанша қыруар қаржы кеткен. Оларды тиімді пайдаланып, тиісті шаралар қолдану үшін қалалық ішкі істер басқармасына жалғауды ұсынып отырмыз.

Камералар қазір қала әкімдігінің иелігінде. Сондықтан шенеуніктер құрылғыларын қызғыштай қорып отыр. Түгел бұзылған деген ақпарты да жоққа шығарды.  

Аслан Махатов, Ақтөбе қалалық инфрақұрылымды дамыту бөлімінің жетекшісі:

Қаламызда орналасқан 80 бейнебақылау камерасының тек онға жуығы жөндеу жұмыстарынан өткізуде. Қалғандары ақпараттар бойынша жұмыс жасауда.

Камераларды бақылау учаскелік полиция бөлімшелеріне жүктелген. Қыруар қаржы жұмсалып жатқан сол құрылғыларды әр инспекторға бергенше, бір орталықтан басқарылсын дейді прокурорлар.


Прокурорлар көшедегі бейнекамераларды ішкі істер департаменті балансына өткізуді талап етіп қалалық әкімдікке хат жолдады. Бірақ ондағылар ұсынысты әлі талқыға салмаған. Десе де жөндеуге кеткен қазынаның шығынын камералар ақтап отыр екен. Өйткені бір жылдың ішінде алты жүзден астам әкімшілік құқық бұзғандарды осы құрылғы арқылы анықтапты. Ал олардың өтеген айыппұлдары қазынаны толтырған.