Көкшетауда концерт өтіп жатқан алаңда өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда концерт өтіп жатқан алаңда өрт шықты

Көкшетауда концерт өтіп жатқан алаңда өрт шықты

Көкшетауда бүгінгі мерекенің шырқын өрт бұзды. Тілсіз жау концерт өтіп жатқан алаңдағы жер үйлердің бірінде тұтанған. Қою қара түтінді көрген ата-аналар балаларын ала қашты.

  • 2 Маусым 2015
  • 320
Фото - Caravan.kz

Өрт сөндірушілер жылдам жеткенімен, жалынның қарқыны күшті болғаны сонша, үйдің шатырын ортасына түсірді. Орталықта балалардың көп шоғырланғанын білетін арнайы қызметтер жанұшыра алдымен бүлдіршіндерді құтқаруға ұмтылды. Бәрі дін аман. Өрт шыққан үй көп уақыттан бері бос тұр екен. Қазір оқиғаның себебі нақтылануда. Ал бұл күн балалардың есінде біразға қалатын болды.

Айбек Сейітбатталов, мектеп оқушысы:

— Өрт болғанда адам не істерін білмей қашып кетеді ғой.Мереке болып жатқанда балалардың барлығы шошып кетті.