Шымкентте болған жантүршігерлік апат жұртты шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте болған  жантүршігерлік апат  жұртты шошытты

Шымкентте болған жантүршігерлік апат жұртты шошытты

Шымкентте жол апатынан тротуарда жөнімен кетіп бара жатқан тұрғындар қырылып қала жаздады. Қатты соққыдан көліктердің бірі жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, 6 адамды басқан. Апат салдарынан көліктегі бір жолаушының өмірі қиылып, тағы екеуінің өмірі үшін дәрігерлер арпалысып жатыр.

  • 2 Маусым 2015
  • 351
Фото - Caravan.kz

Сенбі күнгі жол апаты Шымкентті дүр сілкінтті. Кешкі 7-лер шамасында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетемін деген БМВ Мерседеспен соқтығысқан. Бірі жолдың ортасында тоқтаса, екіншісі жол жиегінде кетіп бара жатқан 6 адамды қағып өтті.

Апат салдарынан БМВ-нің ішіндегі 25 жастағы жігіт оқиға орнында опат болды. Қалғандары түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Жансая есін жиса да әлі есеңгіреп жатыр. Сол күні екі жолдасымен Астанаға билет алуға бара жатыпты.

Жансая Сәрсенбекова, зардап шегуші:

— Соғысқанда екінші машина айналып келіп үшеуміз үш жаққа қарап жан жаққа шашырап кеттік. Мен екі метрге алысқа алып кетті. Тура машинаның қасына құладым мен. Көзімді ашып қалған кезімде анау бала қасымда жатыр екен.

Апаттан зардап шеккен бес адам ауруханада тексерілген соң үйіне жіберілген. Тағы екеуі есінен танып жансақтау бөлімінде жатыр.


Сәбит Байбосынов, Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі: 

-Қосарланған ауыр жарақат, мидың жабық жарақаты және талақтың жыртылуымен ішке қан кету диагнозымен жедел түрде операция жасалды.

Қазір, бұл апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. БМВ көлігінің жүргізушісі тергеліп жатыр. Ауруханада жатқан жәбірленушілер де оған ем-домның қаржысын төлесін деген талап қойды.