«Сәтбаевта өз пәтерінде жол-патрульдік полициясы қызметкерінің зорлықпен өлтіру белгілері бар мүрдесі табылды. Қарағанды облыстық ішкі істер органдары аталған фактімен ҚР ҚК-нің 99 бабымен қарастырылған қылмыс құрамының белгілері бойынша сот алдындағы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.
Ауыр қылмысты жасаған тұлғаны анықтап, оны ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Арнайы тергеу-жедел тобы облыстың, Жезқазған және Сәтбаев криминалдық полициясының тәжірибелі қызметкерлерінен құрылғаны атап өтіледі.
«Өлтірілген кезде жәбірленуші қызметтен тыс болған, ІІБ-гі қызметі кезінде өзін жақсы қырынан көрсетті», — деп қосып өтті ІІД-нің баспасөз қызметінен.