Елбасы Францияның экс-премьер-министрі Ф.Фийонды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Францияның экс-премьер-министрі Ф.Фийонды қабылдады

Елбасы Францияның экс-премьер-министрі Ф.Фийонды қабылдады

Елбасы Француз Республикасының бұрынғы премьер-министрі, Ұлттық жиналыс депутаты Франсуа Фийонмен кездесті.

  • 2 Маусым 2015
  • 534
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ф.Фийонның Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қоюға үлесін атап өтті. Соның арқасында бүгінде екі ел қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ тараптар Қазақстан-Франция ынтымақтастығын басымдығы бар салаларда нығайта түсу мәселелерін қозғады. Сонымен қатар Қазақстандағы француз компаниялары қызметінің негізгі бағыттары, елімізге инвестиция тарту жөніндегі шаралар қарастырылды, деп хабарлайды 
http://24.kz/kz