"100 қадам" бағдарламасына сəйкес компания жаңа рейстер ашуды жалғастырады. Биыл қыста Дубаиға, келесі жылы Гонконг пен Токиоға тікелей əуе рейстерін ашамыз",- деді ол сейсенбі күні Астанада өткен баспасөз мəслихатында.
Сонымен қатар, 2019 жылы үш Boeing 787 ұшағы алғаннан кейін Нью-Йоркке қатынайтын рейс ашамыз", деді ол.
"Рейстердің жиілігі туралы əңгіме қозғауға əлі ерте. Рейсті американдық серіктесімізбен бірлесіп жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Алдағы аптада осы мəселені талқылау үшін АҚШ-қа барамыз", — деді П.Фостер.