Биыл БҚО-да Еуро-5 стандартының бензинін шығаратын өндіріс іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл БҚО-да Еуро-5 стандартының бензинін шығаратын өндіріс іске қосылады

Биыл БҚО-да Еуро-5 стандартының бензинін шығаратын өндіріс іске қосылады

Батыс Қазақстан облысында биыл іске қосылатын зауыты Еуро-5 стандартына сәйкес Аи-92 және Аи-95 маркалы бензинін шығарады.

  • 2 Маусым 2015
  • 719
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін аталған жобаның несиелік келісіміне «Қазақстан Даму банкі» АҚ мен «Конденсат» АҚ арасында қол қою кезінде мәлім болды.

«ҚДБ Еуро-5 стандартына сәйкес экологиялық санаты Аи-92 және Аи-95 маркалы бензин өндірісін құру жөніндегі жобаны қаржыландыруға қатысады. Жобаның жалпы құны 200 млн. АҚШ долларына  бағаланып отыр және оның 60 пайызын ҚДБ  қаржыландырады. Бұл қаржы қажетті жабдықтарды сатып алуға, сонымен қатар құрылыс жұмыстарын аяқтауға жұмсалады»,- деді «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ренат Сисембаев.

Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылдың аяғына қарай аталған өндіріс пайдалануға берілетін болады.

«Аи-92 бензині  жылына 114 мың тонна, ал Аи-95 бензині  86 мың тонна көлемінде шығарылады. Сондықтан —  бұл маңызды жоба. Атап айтқанда, ішкі нарықтағы жанар-жағармайдың тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді және көршілес елден жанармай импортын төмендетуге ықпал етеді», — деді Р. Сисембаев.null

null

null 

null