Ұлыбританияда қатерлі ісікті емдеудің тың әдісі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбританияда қатерлі ісікті емдеудің тың әдісі табылды

Ұлыбританияда қатерлі ісікті емдеудің тың әдісі табылды

Британдық дәрігерлер қатерлі ісікті емдеудің тың тәсілін ойлап тапты. Олардың айтуынша,

  • 2 Маусым 2015
  • 427
Фото - Caravan.kz

иммунотерапияның көмегімен бірнеше ай өмірі қалған науқастардың өзі құлан таза айығып кеткен. Аталған әдіс арқылы адамның иммунды жүйесі ісік жасушаларын шабуылдайды. Ақхалаттылар 5 жылдан кейін бұл әдістің химиялық терапияны алмастыратынын айтуда. Дегенмен дәрі-дәрімектердің жоғары бағасы кесірінен бұл әдіспен екінің бірі емделе алмайды. 12 апталық емделу курсының бағасы шамамен 160 мың доллар тұрады екен. Пэм Смит, науқас: — Дәрігерлер мендегі қатерлі ісікті алғаш рет өткен жылдың қыркүйегінде анықтаған болатын. Бастапқыда оның өлшемі 9 миллиметр болған. Соңғы рет сәуірде тексеруден өткенімде, ісікті 4 милиметрге дейін азайғаны белгілі болды.


Джастин Стеббинг, профессор: — Ең бастысы, науқасқа дер кезінде қажетті дәрі-дәрімекті ұсыну. Бұл оның жазылып кету мүмкіндігін елеулі түрде арттырады, деп хабарлайды 
http://24.kz/kz сайты.