Алматыда автобустар жүретін жол бойына жағалай камера қойылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда автобустар  жүретін жол бойына жағалай камера қойылмақ

Алматыда автобустар жүретін жол бойына жағалай камера қойылмақ

Алматы көшелерінде жаңадан пайда болған қоғамдық көлік жолақтарының тұсына енді бақылау камералары қойылмақ. Сөйтіп, автобустың жолына түсетін басқа көліктерге 15 маусымнан бастап айыппұл салынады.

  • 3 Маусым 2015
  • 310
Фото - Caravan.kz

Қазіргі Абай даңғылының бойымен Момышұлы көшесінен бастап Достық даңғылына дейінгі аралықта арнайы автобус жолы жасалып жатыр. Оның үстіне, полиция қосымша жиырмадан астам мәлімет тақталарын орнатпақшы. Бұдан былай машиналарды жол жиегінде кесе көлденең қалдыруға болмайды. Тек, автобус бағытымен параллель тұруы тиіс. Яғни, қоғамдық көліктердің қозғалысына кедергі болмауы керек. Бұл тәжірибе оң нәтиже берсе, арнайы автобус жолдары қаланың өзге көшелерінде де пайда болмақ.