Шабуыл 8-ші мамырда мына «Рэм-Кран» фирмасына жасалған болатын. Алматы облысындағы ірі кәсіпорындарға техникалық қызмет көрсететін мекемеде сол күні жалақы берілуі тиіс екен. Бас есепші екі күзетшімен бірге банктен 9 миллион теңге әкеле жатқан. Тек кіреберісте оларды мұздай қаруланған 3 жігіт күтіп тұрыпты. Сөйтіп, травматикамен бір адамды жаралап, ақшаны алып қашқан. 64 жастағы инженер сол жерде жан тапсырды. Ұсталған екі күдікті қазір кінәларын толықтай мойындап отыр. Біреуі бұған дейін де екі мәрте істі болған екен.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:
— Мәлім болғанындай, үшеуі бұл қылмысқа дайындалып барыпты. Осы күні айлық берілетінін біліп. Қазір қылмыстық қару – тапанша тәркіленді. Және ақша да жартылай тәркілену үстінде.