-Кішкентай баланы қорлау. Сұмдық. Қылмыстық Кодекстің 315-ші бабымен жауапқа тартылу керек.
Осыған қарағанда мұндай экстремалды әдіс ерлі-зайыптылар үшін үйреншікті жағдайға айналған сияқты. Алайда, интернетке жарияланған бұл видео жұрттың жағасын ұстатты. Шамамен 2-3 жасар баласының өмірін қатерге тіккен ата-анасы табылса, жауапқа тартылмақ. Ал таспаның қай қалада түсірілгенін полиция анықтап жатыр.