Күйеуі өртеп өлтірген келіншек Петропавлда жерленді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күйеуі өртеп өлтірген келіншек Петропавлда жерленді

Күйеуі өртеп өлтірген келіншек Петропавлда жерленді

Астананың қақ ортасында күйеуі өртеп өлтірген келіншек жер қойнына тапсырылды. Марқұм бүгін туған жері Петропавл қаласында жерленді. Ал Светлана Сәдуованың шәкірттері мен әріптестері қайғыдан қан жұтқан отбасына жәрдем беру үшін халықтан көмек сұрап отыр.

  • 3 Маусым 2015
  • 212
Фото - Caravan.kz

Қазақ тілінен сабақ берген ұстаздарының асқан қатігездікпен өлтірілгенін естіген шәкірттері бүгін мектеп жанына жиналды. Сондағы ойлары Светлана Сәдуованың артында қалған 3 ұл мен қызына қаржылай көмек беру. Әзірше, өздері 100 мың теңге жинаған. Енді бұл қайырымды іске жұрттың қосылғанын қалап отыр. Ал 40 жастағы келіншегін Астанадағы №25 мектептің ауласында өртеп өлтірген қаскөй Қанат Сәдуов әлі ұсталған жоқ.

Гүлнар Төлбаева, марқұмның әріптесі:

-Светлананың басындағы қиындықты білмедік. Күйеуі туралы ешқашан жаман айтпайтын. Енді жетім қалған балаларына көмектескіміз келеді.