Ақтөбеде пара алған шенеуніктер айыппұлмен құтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде пара алған шенеуніктер  айыппұлмен құтылды

Ақтөбеде пара алған шенеуніктер айыппұлмен құтылды

Ақтөбеде облыстық қаржылық бақылау инспекциясының бастығы мен оның орынбасарына қатысты сот үкімі шықты. Мамай Байдуллин қарамағындағы әріптесімен бірге мемлекеттік мекеме басшыларынан пара алған.

  • 3 Маусым 2015
  • 282
Фото - Caravan.kz

Қазына ақшасына қол сұққан шенеуніктерді анықтауы тиіс лауазымды инспекторлар қызметтерін өз пайдаларына жаратыпты. Мамай Байдуллин орынбасары Айдын Ізбасқанмен бірлесе тексеру жүргізген мекемелерден ақша алудың амалын қарастырған. Ревизорлар тапқан кемшіліктерді құжатта көрсетпейміз деп біраз уақыттан бері пара алып келіпті. Қылмыстарын бірден мойындағандықтан, олардың жазасы жеңілдетілді. Енді заңдағы өзгерістерге сәйкес парақор шенеуніктер айыппұлмен құтылып отыр. Инспекция бастығы 7 жарым миллион, орынбасары 3 жарым миллион  теңге өтейтін болады. Дүние-мүлкі де тәркіленеді. Бұл үкімге қуанғандары сонша, айыпталушылар ақшаны төлеуге дайын отыр.