Атырауда ҰБТ-ға 3539 түлек қатысып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда ҰБТ-ға 3539 түлек қатысып отыр

Атырауда ҰБТ-ға 3539 түлек қатысып отыр

Атырауда биыл орта мектепті бітірген 3696 оқушының ішінде 3539 түлек ҰБТ-ға қатысып отыр.

  • 3 Маусым 2015
  • 559
Фото - Caravan.kz

«Бірыңғай ұлттық тестілеудің бірінші күнінде оған 548 оқушы қатысқан. Өткен жылы тіркелген жаппай бұзушылықтар болған жоқ: барлығы тыныш өтті. Облыста «Алтын белгіге» үміткер -100, ерекше аттестат алуы тиіс 43 түлек бар. Биылғы жылы облыста 8 тестілеу орталығы жұмыс істеуде. Өткен жылы жетеу болған еді. Енді Исатай ауданы түлектерінің де ҰБТ-дан өту мүмкіндігі бар», — деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Зылиха Дүйсекенова.