Алматы метросына «жарылғыш зат» қойды деген күдікпен 17 жасар бозбала ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы метросына «жарылғыш зат» қойды деген күдікпен 17 жасар бозбала ұсталды

Алматы метросына «жарылғыш зат» қойды деген күдікпен 17 жасар бозбала ұсталды

Алматы метросына «жарылғыш зат» қойды деген күдікпен 17 жасар бозбала ұсталды.

  • 3 Маусым 2015
  • 340
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Алдын ала тексеру бойынша, жігіт бұзақылық ниетпен жалған хабарлама берген. 

Қазір тергеу амалдары жалғасуда. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 279-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, Алматы метросына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат кеше кешкі 19-20-да түскен. Сол уақыттан бері қалалық ІІД арнайы құрылымдары Райымбек стансасын түгел тексерді. Жарылғыш зат табылмады.


Стансада жедел жәрдем қызметкерлері мен өрт сөндірушілер кезекшілік етті. Жолаушылардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілді. Метроның өзге стансалары да жабық болды.