4-10 маусым аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Елімнің рәміздері — Тәуелсіздіктің белгісі» атты слайд көрмесі ұйымдастырылады.
Сонымен қатар 4 маусымда сағат 11.00-де «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешенінде «Рәміздерді құрметтейік» атты дөңгелек үстел өтеді. Шараға елорданың белсенді жастары тартылады. Конференцияның басты мақсаты — мемлекеттік рәміздерге деген құрметті насихаттау, жас ұрпақты патриотизмге баулу.
Ал қаланың барлық кітапханаларында бір ай бойы рәміздер тарихынан сыр шертетін кітап көрмелері ұйымдастырылады. 4 маусымда №8 қалалық кітапханада «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері» атты елорда тұрғындарымен әңгімелесу сағаты, №2 кітапханада — «Ел рәміздері — ел рухы» атты азаматтық сабақ өтеді.
Еске сала кетейік, 1992 жылғы 4 маусымда Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды.