Еліміздің ХҚКО-ларында 35 жаңа қызмет іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің ХҚКО-ларында 35 жаңа қызмет іске қосылды

Еліміздің ХҚКО-ларында 35 жаңа қызмет іске қосылды

Маусым айынан бастап қазақстандық ХҚКО-ларда пилоттық режімде 35 жаңа қызмет қолжетімді болды, деп хабарлайды «ХҚКО» РМК баспасөз қызметінен. 

  • 3 Маусым 2015
  • 402
Фото - Caravan.kz


Атап айтқанда, енді халыққа қызмет көрсету орталықтарына салық есептілігін қабылдауға/кері қайтаруға, жеке кәсіпкерлерге патент беруге, қамқоршыларға жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындауға, Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуге шақыруларды ресімдеуге және т.б. үшін жүгінуге болады.
«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша, қазіргі уақытта 9 мемлекеттік органның 35 қызметі берілді. 
«Әзірге осы қызметтердің стандарттары қаралып жатқанда, олар ХҚКО-ларда пилоттық режімде ұсынылатын болады. Оларды бекіткен соң, пилоттық жоба аяқталады және қызметтер ХҚКО-ларда жалпы негізде көрсетілетін болады», — деп атап өтті ол.
Ә.Балташева сонымен бірге еліміздің ХҚКО-ларына жаңа қызметтерді ендіру бойынша жұмыстар жалғасатынын хабарлады. Жыл аяғына дейін ХҚКО-ларға тағы да 20-дан астам жаңа қызметтер, олардың ішінде инвестициялар және даму, ауыл шаруашылық, әділет, қаржы және қорғаныс министрліктерінің қызметтерін ендіру жоспарлануда.
Осылайша, көрсетілетін қызметтер саны 212-ге жетеді. 2011 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары барлығы 59 қызмет көрсеткен, 2012 жылы — 113 болса, 2014 жылы олардың саны 171-ге жеткен.
ҚР ХҚКО-ларда ағымдағы жылғы 4 ай ішінде көрсетілген қызметтер саны 13 711 696 құрайды, соның ішінде 10 миллионнан астамы — электрондық.