ФИФА президенті қысымға шыдамай ақыры қызметінен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФИФА президенті қысымға шыдамай ақыры қызметінен кетті

ФИФА президенті қысымға шыдамай ақыры қызметінен кетті

Қысымға шыдамай қызметтен кетті. Өткен сенбіде ғана үлкен дау-дамайға қарамай, 5-ші мерзіміне қайта сайланған ФИФА президенті 4 күн өтпей жылы орнын босатты.

  • 4 Маусым 2015
  • 208
Фото - Caravan.kz

Орынбасарлары шетінен пара алып ұсталып жатса да, тақтан айырылмаймын деп тыраштанған Йозеф Блаттердің аяқасты мұндай шешім қабылдауы талайды таңдандырғаны анық. Халықаралық футбол федерациясындағы жемқорлық дауы тура осы сайлаудың алдында өршіген. Блаттердің қарамағында істеген лауазымды қызметкерлер 2018 бен 2022-ші жылы әлем чемпионаты өтетін елдерді таңдау кезінде ауызбастырық алған деп айыпталуда. Ал 3 жылдан кейін мундиалды өткізу құқын Ресей жеңіп алғаны белгілі. Егер ресейліктердің ФИФА шенеуніктеріне пара бергені дәлелденсе, әлем чемпионатымен қош айтысады. Қазірдің өзінде Англия бастаған Еуропаның бірқатар елдері Ресейдегі доп додасына байкот жариялау керек деп бастама көтеріп жатыр. Ал 17 жыл ФИФА президенті орынтағын ешкімге бермеген Блаттер, түрмеге тоғытылған парақор қызметкерлерінің қатарын толтыруы бек мүмкін. Федерацияның келесі басшысы кезектен тыс конгрессте анықталуы тиіс.