Америкада 6 жылға сотталған Диас Қадырбаев жазасын Қазақстанда өтеуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкада 6 жылға сотталған Диас Қадырбаев жазасын Қазақстанда өтеуі мүмкін

Америкада 6 жылға сотталған Диас Қадырбаев жазасын Қазақстанда өтеуі мүмкін

Қазақ студентінің шетелдегі оқуы абақтымен аяқталды! АҚШ-тың Бостон қаласында болған жарылысты тергеуге кедергі келтірді деп айыпталған тағы бір жерлесіміз - Диас Қадырбаев 6 жылға сотталды.    

  • 4 Маусым 2015
  • 347
Фото - Caravan.kz

Қадырбаев сотта кінәсін толық мойындаған. Осылайша, жазасын жеңілдетуді көздеген еді. Бірақ судья оның өз ісіне өкініш білдіргеніне қараған жоқ. Шетелге оқуға кетіп, құқық қорғау орындарының құрығына ілінген Қадырбаев енді 6 жылын темір торда өткізуі тиіс. Ал лаңкес Царнаевтың сыбайласы деп айыпталған екінші отандасымыз – Азамат Тәжияқовқа қатысты соңғы шешімді сот алдағы жұмада қабылдайды деп күтілуде. Айта кетсек, мұның алдында алқа билер Тәжияқовты 20 жылға кескен болатын. Еліміздің АҚШ-тағы өкілдері енді Диас Қадырбаевтың тергеу абақтысында жатқан уақытын есептетіп, жазасын өтеу мерзімін қысқартуға күш салмақшы.

Алтай Әбиболлаев, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Жақсы тәрбиесімен, жақсы іс-қылығымен көрсететін болса, жыл сайын 15 пайызға оның отыратын уақыты қысқарып отырады. Сондықтан, біздің есептеуімізше Қазақстан азаматы Диас 2021-ші жылға дейін емес, одан ертерек босатылып, елге оралуы ықтимал.