Мыңдаған алматылық бір уақытта әнұранды шырқады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мыңдаған алматылық бір уақытта  әнұранды шырқады

Мыңдаған алматылық бір уақытта әнұранды шырқады

Бүгін Алматыда 5 мыңға жуық қала тұрғыны бір уақытта әнұранды шырқады. Мемлекеттік рәміздер күніне орай өткен шараға қала әкімі бастаған барлық ресми орган өкілдері қатысты.

  • 5 Маусым 2015
  • 245
Фото - Caravan.kz

Тұңғыш Президент саябағына жиылған жұрт дәл сағат 11:00-де жаппай қолдарын жүрек тұсына қойып, әнұранымызды айтты. Ұстаздар, оушылар, ата-аналар, жалпы қала тұрғындары, тіпті Ұлттық гвардия жауынгерлеріне дейін рәміздерімізге деген құрметін осылай көрсетпек болыпты. Мемлекеттік нышандарымызға арналған шаралар легі мұнымен шектелмей, бір ай бойы жалғаса бермек.