Гимназия директоры Дариға Мұштанованың хабарлағанындай, Сымбат Қуанышқызы Жәнібек ауданының Тау ауылынан, қарапайым отбасыдан, үш баланың кенжесі, гимназияда 7-сыныптан бері оқыған. Негізгі пәні — ағылшын тілі. Ол «Алтын белгісін» де қорғап шықты.
Гимназияны биыл 29 оқушы бітірсе, соның 17-сі «Алтын белгіге», 6-сы үздікаттестатқа лайық болды. Орташа балл — 117,8. Шәкірттердің ең төменгі балы да жоғары — 107. Апелляция қорытындысына сәйкес бұл нәтижелер өзгеруі мүмкін.
Сөйтіп гимназия түлектері биыл да ұстаздары мен ата-аналарының үмітін ақтап, жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр.