«8 маусымда Бас хатшы G7 тобымен кездесу үшін Эльмауға барады, сондай-ақ Пан Ги Мун ГФР канцлері Ангела Меркель мен СІМ басшысы Франк-Вальтер Штайнмайермен кездеседі деп жоспарланған», — деді ол.
Содан кейін Бас хатшы Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркіменстан елдеріне барады, деп жазады РИА Новости.
10 маусым күні ол Қазақстанда Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының бесінші съезіне қатысады. Сапар аясында Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен, Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен және Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу өтеді.
«Ал 11 маусым күні Бас хатшы Қырғызстанда Парламентаризмді дамытудың халықаралық конференциясының ашылу рәсімінде болады. Сондай-ақ Президент Алмасбек Атамбаев пен Премьер-Министр Темір Сариевпен кездеседі. 12 маусым күні Өзбекстанда Президент Ислам Кәрімовпен, СІМ Абдулазиз Камоловпен кездесу жоспарланған», — деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Сапар соңында БҰҰ басшысы Түркіменстанда болып, Президент Гурбангулы Бердымухамедпен келіссөздер өткізеді және Гуманитарлық ғылымдардың халықаралық университетінде студенттермен дидарласпақ.