Елбасының БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын беру үшін ұсынымдар қабылдау мерзімі ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын беру үшін ұсынымдар қабылдау мерзімі ұзартылды

Елбасының БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын беру үшін ұсынымдар қабылдау мерзімі ұзартылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын беру, сондай-ақ Алғысын жариялау үшін ұсынымдар қабылдау мерзімі ұзартылды.

  • 5 Маусым 2015
  • 582
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі 5 мамыр мен 5 маусым аралығына тура келетін мереке күндерін ескере отырып, Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын беру, сондай-ақ Алғысын жариялау үшін ұсынымдар қабылдау мерзімін 10 маусымға дейін ұзарту жөнінде шешім қабылданғанын хабарлайды.

Мемлекет басшысы сыйлығының лауреаттары 2 миллион 200 мың теңге, сондай-ақ алтын төсбелгі алады. Грант иегерлеріне 1 миллион 764 мың теңге беріледі.


Ұсыным беру ережесін мына жерден қараңыз.