Жасөспірім көзінің үсті ісіген соң Ұлттық балалар ауруханасына келген. Дәрігерлер құрттың баланың көзіне қалай түскенін түсіне алмай отыр, деп хабарлады Вести.ру.
Желіде отаның жасалып жатқан кезінде түсірілген видео пайда болды. Бас офтальмолог Каролина Марчеланың сөзіне қарағанда, құрт бала басындағы терінің астына кіріп, оның миына зақым келтіруі мүмкін. Құртты шығару үшін дәрігерлер науқастың бетіне райхан гүлінің майын жаққан.
Ашыққан құрт майдың иісін сезіп шыққанда, дәрігерлер оны пинцеттің көмегімен суырып алды. Ота бірнеше сағатқа созылды. Абырой болғанда, Лима тұрғыны жапа шеккен жоқ, жақын арада ол қайта көре алатын болады. Бұдан бұрын Канада азаматшасының құлағы мен көзінен 120 дернәсіл алынғаны хабарланған болатын.