Г.Әбдіқалықова БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі өңірлік өкілімен жүздесті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Г.Әбдіқалықова БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі өңірлік өкілімен жүздесті

Г.Әбдіқалықова БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі өңірлік өкілімен жүздесті

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова  БҰҰ-ның Орталық Азиядағы босқындар істері жөніндегі

  • 5 Маусым 2015
  • 455
Фото - Caravan.kz

Жоғарғы комиссиары басқармасының өңірлік өкілі Бернард Дойлмен кездесті.

«Біздердің БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары өкілдігімен арада тығыз өзара қарым-қатынас орнаған. Ағымдағы жылы БҰҰ-ның Орталық Азиядағы босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өңірлік өкілдігінің жұмыс істегеніне 20 жыл толып отыр. Мен сізді осынау мерейтойлық датамен құттықтаймын. Осы  уақыт аралығында  көптеген іс тындырылды, босқындар істері жөніндегі негізгі заң қабылданды», — деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.

Сонымен қатар ол босқындар істеріне қатысты бірқатар нормативтік актілердің қабылданып, институционалдық мәселелердің өз шешімін тапқандығын атап өтті.

«Нәтижелер жаман емес. Біз бұл бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайынбыз», — деді Г.Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы кездесу барысында бүгінде әлемде күрделі ахуал туындап, жергілікті қақтығыстар жүріп жатқандығына, техногендік, экологиялық апаттар орын алып отырғандығына баса назар аударды.


«Сондықтан да босқындар, көші-қон, заңсыз көші-қон мәселелері  барынша өзекті бағыттардың біріне айналып отыр. Бұл тұрғыда біздер жұмыс істеуге, заңнаманы жетілдіруге, қандай да бір тәжірибелік іс-шаралар  жүргізуге дайынбыз. Бұған қоса, өкінішке орай, босқындар мәртебесі төңірегінде алыпсатарлық орын алуда. Біздер мұндай жайтқа жол бермеуіміз қажет», — деді ол.

Кездесу аясында көші-қон саласындағы қазақстандық мамандардың деңгейін арттыру және оларды дайындау, Алматыда БҰҰ хат бөлімшесінің ашылуы және тағы да басқа маңызды мәселелер талқыланды.