Соңғы мәліметтер бойынша аударылған теплоходтың астында қалып қойып, қаза тапқандардың саны 97 адамға жетті. 345 адамнан әлі де хабар жоқ. Құтқарушылар көлікті су бетінен шығарғанмен із-түзсіз жоғалғандарды табу қиынға соғатынын алға тартуда. Айта кетейік, Янцзы өзенінде апатқа ұшыраған туристік теплоход 5 күн бойы су астында жатқан. Кеме небары 1 минуттың ішінде аударылып, ішінде 400-ден астам адам қамалып қалған болатын. Оқиға орнында жұмыс істеген мамандар 14 адамның ғана өміріне араша түсе алды. Сюй Чэнгуан, Қытайдың көлік министрлігінің өкілі: — Ең қиыны осы «Шығыс жұлдызын» сыртқа алып шығу болатын. Енді адамдарды іздестіріп, апат салдарын реттеумен айналысамыз, — деп хабарлайды http://24.kz/kz.