Еуразиялық банк филиалдарын шоғырландыру жұмысын жалғастырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразиялық банк филиалдарын шоғырландыру жұмысын жалғастырмақ

Еуразиялық банк филиалдарын шоғырландыру жұмысын жалғастырмақ

Қазақстандық коммерциялық Еуразиялық банк филиалдарының бұдан былай да шоғырлануы ықтимал деп санап отыр.

  • 5 Маусым 2015
  • 933
Фото - Caravan.kz


"Шын мәнінде банкке Қазақстанның әр аумағында бір филиалы болса жетіп жатыр. Болашақта да шоғырлана беруіміз мүмкін.Қазіргі тренд сақталған жағдайда , алдағы 5-7 жылда тиімділікке қол жеткізу, шығындарды қысқарту шаруаларын атқара бермекпіз", деді Алматыда жұмада Еуразиялық банк басқармасының төрағасы Майкл Эгглтон журналистерге.
Оның айтуынша, банктің бес аумағында филиал керек етілген саннан көп болған.
"Мәселен, бізде Павлодар, Ақсу мен Екібастұзда филиал да, бөлімше де болды. Филиал мен бөлімшенің айырмашылығы неде? Клиент үшін бәрібір, ал банк үшін филиалдың бухгалтериясы, операциялық бөлімшесі болу керек деген сөз", деді ол.
"Тым көп болмаса да, дегенмен белгілі бір дәрежеде үнемдеушілік байқалмақ. Және де бастысы бюрократия азаймақ", деді ол.
2015 жылдың 1-ші тоқсанының нәтижелері бойынша Ұлттық банк деректеріне қарағанда Еуразиялық банк Қазақстанның 38 банкі ішінде активтерінің көлемі жағынан 10-шы орынға ие болған.