Қазақстанда ҚХА кәсіпкерлерінің қауымдастығы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ҚХА кәсіпкерлерінің қауымдастығы құрылды

Қазақстанда ҚХА кәсіпкерлерінің қауымдастығы құрылды

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы құрылды.

  • 5 Маусым 2015
  • 652
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Тимощенко айтты.

Оның мәліметінше, қауымдастықтың мақсаты — азаматтарды индустриялды-инновациялық даму бағдарламаларына қатыстыра отырып, олардың тұрмысының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету, жаңа технологиялар мен идеяларды дүниеге әкелу, сонымен қатар халықтың қаржылық сауатын ашу.

«Қауымдастық шағын және орта бизнес өкілдерінің түрлі жобаларына қолдау көрсетіп, бизнес-консалтингтер өткізуге мүдделі. Қауымдастықтың міндеті — көптеген бизнес-қауымдастықтарды ұлтаралық татулық пен этникалық келісімді дамытуға бағытталған азаматтық процестерге тарту», — деп атап өтті депутат.


Оның айтуынша, Ассамблеяның бұл бағыттағы тәжірибесі жеткілікті.

«Мен Ұлт жоспарының 88-ші қадамына тоқталғым келіп отыр. Онда «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы мен индустрияландырудың екінші бесжылдығын, сонымен қатар жалпыға ортақ еңбек қоғамы ұлттық жобасын іске асыру туралы айтылады. ҚХА-ның бұл бағытта үлкен тәжірибесі бар. Өздеріңіз білесіздер, Ассамблея Мемлекет басшысының ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын қолдаған ең алғашқы институттардың бірі және ол соңғы үш жыл бойы аталған бағыттағы жобаларды жүзеге асыруға атсалысып келеді», — деді депутат.