Он бір адам хабар-ошарсыз кеткендер санатында. Тірі қалғандар саны — 14.
Бүгін таңертең су бетіне шығарылған теплоходта қаза тапқандардың туысқандары мен құтқарушылар қатысқан еске алу рәсімі өтті. Құрбандардың ішінде үш жасар қыз бар, — делінген қытайлық БАҚ хабарламасында. Негізінен қаза болғандар қытайдың ірі өзенінің сұлулығын тамашалуға келген — 50-80 жастағы егде адамдар. Олардың барлығы — ҚХР азаматтары.
Кемені жұма күні кешке жүзетін кран көмегімен жоғары көтерген болатын.