деп хабарлады облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.
Ең үздік баяндама аталымы бойынша, Евгений Сергеев ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ол Ресей, Алжир, Беларусь, Өзбекстан елдерінен қатысқан 60 жас ғалымның ішінен үздік болып алға шықты.
Конференция жұмысынан бөлек ғалымдар, жас геологтар Н.М. Федеровский атындағы бүкілресейлік миниралды шикізатты ғылыми-зерттеу институтына барып, қазіргі уақытта геология және радиоэкология саласында қолданылып жүрген радиоизотопты тәсілдермен танысты.