Алматыда діндарлар арасында күрестен турнир өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда діндарлар арасында күрестен турнир өтті

Алматыда діндарлар арасында күрестен турнир өтті

Боз кілемде – діндарлар! Алматыда мешіт имамдары арасында қазақша күрестен ІІ республикалық турнир өтті.

  • 9 Маусым 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жасы 18-ден асқан, салмағы 74 келіден жоғары түйе балуандар финалдық белдесуге шықты. Алдымен аймақтарда өткен іріктеу сындарына 75 адам қатысқан. Солардың арасынан суырылып шыққан 10-ы Алматыда өзара мықтыны анықтады. Жүлдегерлерге берілген сыйлықтар да атап өтерліктей. Турнир жеңімпазы – Алматы облысының сайыпқыраны Жайық Қыңырбеков үлкен қажылық сапарына жолдама ұтып алса, екінші орын иегері – Жамбыл облысының тумасы Алмас Бегімбетов — Умра қажылық жолдамасына қол жеткізді. Ал 3 орын бұйырған қостанайлық діндар Ақжол Рақымжанов 200 мың теңге ақшалай жүлде ұтып алды.

Ерлан қажы Малғажыұлы, Бас мүфти:

-Ислам діні жастарымызды денсаулығының мықты болуына, өз денсаулығын күтуге шақырады. Осы себептен, күрестің ұйымдастырылып жатқаны бұл біздің дінімізден алыс емес. Қатысушылардың ішінде имамдарымыз бар. Олар осы жарысқа бір жыл дайындалды.