-Ұятсыз неме,көргенсіз. Қасиет жоқ бұл шалда.
Бұл үйдің тұрғындары бүлдіршіндерін көшеге қараусыз жіберуге қорқады. Себебі, көрші ақсақалдың кішкентайларға тиісетін әдеті бар екен. Дәлел ретінде өткен сенбі күні телефонға түсірілген мына видеоны көрсетеді. Мұнда ойнап жүрген 4-5 жасар қыздың қолын көрші қарт шалбарының ішіне салып жатқаны түсіріліпті. Тек тұрғындар байқап, шу көтерген соң, қызды жібере салған. Көршілер Манап Суханбердиевтің балаларға арсыз қылық жасайтынын былтырдан бастап байқапты. Полицейлерді де шақырып, арызданған. Ал полицейлер бұл шалға шара қолдана алмайды екен.
-Бір жарым жыл болды ғой жүргенімізге. Мына балаларымыздың болашағы керек қой бізге. Сендер қандай адамсыңдар?! Сендер не заңды қорғап жүрсіңдер? Осындай адамдарға шара қолданбай. Осы әйелдің бәрін жылатқызып, бәріміздің кішкентайымыз бар.
-Полицияға қанша қанша мәрте арыздандық. Бірақ, бұл шалдың өзі прокурор болған екен. Туыстарының көпшілігі де прокуратура да істейді екен. Ол туралы кемпірінің өзі айтады. Сондықтан шығар, әйтеуір осыған ешкімнің әлі келмей қойды.
Ашынған жұрт шалды түтіп жер ме еді, әйтеуір бұл жолы тәртіп сақшылары келіп 83 жастағы қартты көліктеріне отырғызып әкетті. Ақсақалдың өзі болса, алжыған кейіп танытып отыр.
Манап Суханбердиев, күдікті:
-Кішкентай балаларды ұстап шешіндіргеніңіз рас па жоқ па?
-Жоқ.
— Ей менің есім ауысып қалған адаммын, маған жұқпайсыздар.
-Басым істемейді менің.
-Өз ісіңізге жауап бермейсіз бе?
-Ей, мен білмеймін ғой ештеңе.
Көршілердің көмегімен қолға түскен күдіктінің қан қысымы көтеріліп, тергеуге емес ауруханаға жөнелтіліпті. Қазір бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз хатшысы:
-ҚР Қылмыстық кодексінің 124 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол жас балаларға азғындық әрекет жасау. Қазіргі таңда күдікті азамат ретінде 1932 жылғы Шымкент құаласының тұрғыны анықталды.
Қазір жасы сексеннен асқан күдіктіге қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалыпты. Яғни ақыл есінің дұрыстығы тексерілмек. Егер есі дұрыс деген қортынды шықса, ақсақал кемінде 5 жыл темір торға жабылмақ. Қалай болғанда да, тұрғындар бұл қарияны бұдан былай өз аулаларынан көргілері келмейді.