Бұл арада оның бұған дейін велосипед, мотоцикл, машина ойлап құрастырғандығын айта кеткен артықтық етпес.
Ғажайып трактор жайлы BarcroftCars арнасында жария етілді.
Пускаш өмір бойы фермада тракторшы болған. Ал жұмыстан қолы қалт еткенде ағаштан ойып, түрлі заттар жасаған.
Қазіргі уақытта оның ең ауқымды жобасы трактор болып отыр. Бұл көліктің тек шинасы, фары, және қозғалтқышынан басқасы түгелдей ағаштан. Салмағы небәрі 300 келі, шебер мұны сегіз айдың ішінде құрастырды.