Оңтүстік Корея Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, вирус жұқтырғандар саны артып отыр. Сейсенбі күні таңертең олардың саны 95 адамға жеткен.
Билік МERS вирусының таралуына жол бермеу үшін шұғыл шараларды қолға алуда. Елде 1900 мектеп пен бала-бақша жабылып, жүздеген қоғамдық шара кейінге қалдырылды, вирус жұқтырғандармен байланыс орнатқан адамдар карантинге жабылды.