Дүниежүзілік Ислам Лигасы әлемдік діндер форумы аясындағы диалогты қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік Ислам Лигасы әлемдік діндер форумы аясындағы диалогты қолдайды

Дүниежүзілік Ислам Лигасы әлемдік діндер форумы аясындағы диалогты қолдайды

Дүниежүзілік Ислам Лигасы әлемдік діндер форумы аясындағы диалогтық талқылауларды қолдайды.

  • 9 Маусым 2015
  • 687
Фото - Caravan.kz


Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары Хатшылығының XIV отырысы барысында Дүниежүзілік Ислам Лигасының Халықаралық ұйымдар мен конференциялар департаментінің кеңесшісі, доктор Мункиз Махмұд ас-Саккар осылай мәлімдеді.

«Әлемдік діндер съезі Қазақстанға үлкен бедел әкелді. Түрлі діндер өкілдерінің басын қосатын форум сөзсіз бейбітшілікке негізделуде. Дегенмен, біз осы уақытқа дейін не істей алдық? Күн сайын адамзат баласы бейбітшілікке жақындай түсті ме? Жоқ, адамзат бейбітшілік пен тұрақтылықтан алыстап бара жатыр ма? Әлемнің әр түкпірінде орын алып жатқан оқиғалар құпия болудан қалды. Ендеше, бұлардың бәрі біздің жауапкершілік сезімдерімізді арттырып, бізден осы күрделі мәселелерге көбірек көңіл бөлуді талап етеді. Біз сөз сөйлеп, сезімге беріліп, сонымен шектеліп қалмауға тиіспіз, бұл жеткіліксіз», — деді Махмұд ас-Саккар. 
Бұл ретте Ислам Лигасының кеңесшісі діндер лидерлері арасындағы оңтайлы диалогты пайдалана отырып, бейбітшілік үшін батыл бастамалар жасайтын кез жеткенін атап өтті. 
«Қазақстан дінаралық диалог бағытында өте үлкен тәжірибе жинақтап келеді. Елдің дана басшылығының әлемдік деңгейдегі байланысы да жоғары. Дүниежүзілік Ислам Лигасы да дінаралық диалог бойынша бастама жасап, бірқатар форумдар өткізген болатын. Біз осы бағыттағы алаңдар аясында талқылауды қолдайтын боламыз. Діни лидерлер мұндай форумдардан әлемдегі қысымды жібітуге жол табады деп сенеміз», — деді ас-Саккар.