Ақмола облысында мас жүргізуші әйелді қағып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында мас жүргізуші әйелді қағып өлтірді

Ақмола облысында мас жүргізуші әйелді қағып өлтірді

Ақмола облысының Жарқайың ауданында мас жүргізуші әйелді қағып кетті.

  • 9 Маусым 2015
  • 331
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы облыстық ІІД Жол полициясы қызметінің кезекшілік бөлімінен хабарлады
Полицейлердің мәліметі бойынша, қайғылы жағдай таңғы сағат 04:00 шамасында Жарқайың ауданы аумағы арқылы өтетін «Жезқазған-Петропавл» тас жолының бойында орын алған. 
Араққа сылқия тойып алған «ВАЗ-21072» көлігінің 1989 жылғы жүргізушісі жол бойында кетіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Ауыр соққыдан әйел сол жерде көз жұмған.
Қазіргі кезде мас жүргізуші ұсталып, үстінен ҚР ҚК-інің «жол қозғалысы ережесін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Сондай-ақ опат болған әйелдің кім екені анықталуда.