Шымкентте жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан перзентхана қызметкерлері құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан перзентхана қызметкерлері құрықталды

Шымкентте жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан перзентхана қызметкерлері құрықталды

Шымкенттегі №1 перинаталды орталықта жаңа туған нәрестелерді сату фактілері анықталды.

  • 9 Маусым 2015
  • 516
Фото - Caravan.kz


Облыстық қадағалау органының хабарлауынша, дүйсенбі күні бала саудасымен айналысты деген күдікпен перинаталды орталықтың бөлім меңгерушісі мен дәрігер қамауға алынды.
«Әзірге екі адамды қамауға санкция берілді. Бірақ, қылмысты тұтас бір топ жасаған», — дейді прокуратура өкілі.
Айтуынша, перзентхана қызметкерлері анасы бас тартқан балаларды сатқан. Оларға түрлі себептермен бала сүйе алмай жүрген отбасылар іздестіріліп, бала бірден асырап алушылардың атына тіркеліп отырған. Бұл «қызмет» үшін асырап олар 1-3 мың доллар төлеген көрінеді.
Бала сатып алғысы келетін отбасылар Оңтүстік Қазақстан облысында ғана емес, өзге өңірлерден де табылыпты.
Әзірге мұндай он фактінің беті ашылып отыр. Прокурорлар бұл цифрдың әлдеқайда көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.