Түркия экспорты 19%-ға төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия экспорты 19%-ға төмендеді

Түркия экспорты 19%-ға төмендеді

Түркияның экспорты кеміп келеді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19%-ға төмен.

  • 9 Маусым 2015
  • 755
Фото - Caravan.kz

Сарапшылар экономикалық өсімге бірнеше себеп тұсау дегенді айтады. Ал оның ең негізгісі түрік лирасының құнсыздануы екен. Биыл сәуір айында Түркияның экспорт көлемі 9,8%-ға азайғанда осы елдің экономика министрі Нихат Зейбекчи мамырда бұл көрсеткіш қайта оңалатынын айтып, кәсіпкерлерді жігерлендірген болатын. Алайда мамырда сыртқы сауда айналымындағы экспорттың үлесі өткен аймен салыстырғанда екі есеге дейін қысқарып, 10 млрд 819 миллион АҚШ долларын құрады. Түркияның бас экономисі Денизли өндіріс аймағының кәсіпкерлерімен жүздесуі кезінде экспорттық әлеуетке валюта бағамының тұрақсыздығы кері әсер еткенін жеткізді.

Нихат Зейбекчи, ТР Экономика министрі: — Тек мамыр айында экспорт көлемі 19%-ға, ал алғашқы 5 айдың есебі бойынша ол 8,3%-ға азайды. Бірақ біз қазір өз тарапымыздан еліміздегі бүкіл өндіріс ошақтары, ауылшаруашылық, туризм мен қызмет көрсету салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін кешенді бағдарлама қабылдадық. Мысалы, сыртқа экспортталатын тауарларымыздың арасында жоғары технологияның үлес салмағы бүгінде 4%-ы құраса, алдағы мақсат – оны 20%-ға жеткізу. Мамыр айының басында Түркияның Бурса қаласындағы бірқатар автокөлік құрастыру зауытының жұмысшылары жалақыларын өсіруді талап етіп, 10 күн ереуілге шықты. Экспортшылар мәжілісінің төрағасы Мехмет Буюктің айтуынша, осы аралықта Түркияның автомобиль өндірісі 500 миллион доллардан астам шығын көрген. Яғни шетелге сатылуы тиіс көліктер тапсырыс берушілерге уақытылы жетпеді.


Рамазан Солақ,экономист: — Өткен бес айда Түркияның Еуроодақтағы ең үлкен сауда серіктесі Германияға жасайтын экспортымыз 26%, Франция мен Италияда 21%-ға азайған. Іргедегі көршілерімізбен де әзірге алыс-берісіміз мәз емес. Жалпы алғанда бұл мәселенің бірнеше себебі бар. Әуелі әрине ұлттық валютамыздың тұрақсыздығы. Таяу шығыс аймағындағы тынышсыздық пен ішкі саяси топтардың алауыздығы ел экономикасына сөзсіз теріс әсер етіп жатыр. Өткен айда Түркияның Азия елдерімен сауда айналымы күрт артқан. Оның ішінде әсіресе Тайвань, Оңтүстік Корея және Малайзия мемлекеттерімен сауда-саттық көлемі ұлғайған. Түркияның экономикалық әлеуетіне ел ішіндегі саяси оқиғалардың ықпалы зор. Мысалы, өткен жексенбіде Түркиядағы сайлаудың алғашқы қорытындысы бойынша Түркияның Ұлы ұлттық мәжілісі коалициялық партиядан жасақталатыны белгілі болғанда 1,5 айдан бері нарықта тұрақты бағамын ұстап тұрған ұлттық валюта қайтадан құнсыздана бастады. Бұл жағдай әсіресе шетел валютасында қарыз алған кәсіпкерлер мен өнім өндірушілерді ерекше алаңдатып отыр, — деп хабарлайды 
http://24.kz/kz сайты.