Алданған балалардың бірі полиция бөлімшесінде 3 әйелдің ортасынан алаяқты жазбай таныды. Жеткіншектің сеніміне кіріп, пәтерге кірген ол құны 42 мың теңгелік алтын шынжырмен 8 мыңдық күміс сырғаны үптеп кеткен екен. Жалпы, бұрын да істі болған келіншек жыл басынан бері бірнеше үйден бір жарым миллион теңгенің затын тонап үлгерген. Еш жерде жұмыс істемей алаяқтықпен күнелтуді әдет қылған ол енді тағы бірнеше жылын темір тордың аржағында өткізетін болды.