Америкада сотталған Тәжаяқов пен Қадырбаев үкімге аппеляция берді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкада сотталған Тәжаяқов пен Қадырбаев үкімге аппеляция берді

Америкада сотталған Тәжаяқов пен Қадырбаев үкімге аппеляция берді

АҚШ-та сотталған Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевқа түрме таңдалып жатыр. Америка жерлестерімізге жазасын өтеу үшін 4 штаттағы абақтыны ұсынған. Оның жай күйімен танысуға сотталушылардың адвокаттары қарсы емес.

  • 10 Маусым 2015
  • 298
Фото - Caravan.kz

Бостондағы жарылысқа қатысты Азамат Тәжиаяқов 3 жарым жылға, ал Диас Қадырбаев 6 жылға сотталған болатын. Америка заңдары бойынша айыпты деп танылған жерлестеріміз онсыз да 2 жыл қамауда отырғандықтан, жазаларының біраз бөлігі қысқартылған. Десек те, Тәжияқов пен Қадырбаев үкіммен келіспей апелляциялық арыз беріпті. Бір қызығы Құрама Штатта мұндай шағым 1 жарым жылға дейін қаралады екен. Сондықтан бостандыққа шығуына 11 ай қалған Тәжияқовқа одан үміттенбесе де болады. Десе де, апелляциялық алқа екі студентті ақтап жіберуі де ықтимал. Ондай жағдайда Тәжияқов пен Қадырбаевтың тіпті оқуын сол АҚШ-та қайта жалғастыруына мүмкіндігі бар. Тәжияқовтың адвокаттары сот салған 250 мың доллар айыппұлды алдыртқан болатын. Сондықтан апелляцияны жеңіп шығудан да дәмелі. Ал студенттердің отанына экстрадициялануы екіталай.

Алтай Әбибуллаев , ҚР СІМ ресми өкілі:

-Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының арасында сотталған азаматтарды өзара айырбастау туралы шарттың жоқтығына байланысты Азаматты да Диясты да елге қайтаруға  қазіргі таңда мүмкіндік жоқ.