Елімізде еңбек дауын шай үстінде шешу ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде еңбек дауын шай үстінде шешу ұсынылды

Елімізде еңбек дауын шай үстінде шешу ұсынылды

Елімізде жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы жанжал шай үстінде шешілуі мүмкін. Бүгін Астанаға келген Халықаралық еңбек ұйымының өкілі осындай ұсыныс айтты. Шайды жақсы көретін қазақтар соттасып уақыт өткізбей-ақ, тартысты дастархан басында шеше алады дейді шетелдік маман. Тіпті мейман өзімен бірге ала келген термосты Құсайыновқа сыйға тартты.

  • 10 Маусым 2015
  • 266
Фото - Caravan.kz

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы тосын сыйға таңырқаса да одан бас тарта алған жоқ. Ал күрең қою шайдың үстінде Қазақстанда еңбек дауының шешіле қоюы екіталай. Себебі соңғы 3 жыл ішінде елімізде қара  жұмысшылар 80 рет көтеріліп ереуілге шыққан. Ең жанжалды аймақ ретінде Маңғыстау мен Қарағанды облысы және Астана қаласы танылып отыр. Батыста мұнайшылар, Орталықта металлургтер, Арқада құрылысшылар жалақыларын талап етіп, адамды құлша жұмысқа жегетін басшыларына қарсы шығуға мәжбүр. Соңында соттан әділдік таба алмай жатқаны бар. 

Оның үстіне әлемдегі экономикалық дағдарыс кәсіпорындарды банкротқа ұшыратуы мүмкін. Бұл өз кезегінде наразылықтың тағы күшеюіне әкелуі ықтимал.


Әбілғазы Құсайынов, Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы:

-Еліміздегі даулы компаниялардың тізімі бар. Бәрін қадағалап отырмыз. Былтыр жұмысшылардың ала алмай жүрген 1,5 миллиард теңге жалақысын қайтарып бердік.