Оралда қырылған киіктерге араша түскен белсенділер көшеге шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда қырылған киіктерге араша түскен белсенділер көшеге шықты

Оралда қырылған киіктерге араша түскен белсенділер көшеге шықты

Оралда қоғам белсенділері қырылып жатқан киіктерге араша сұрады. Түз жануарының бейнесін бетперде қылып ұстаған олар Астанаға арнайы хат жолдады.

  • 10 Маусым 2015
  • 225
Фото - Caravan.kz

Тек, бір айта кетерлігі, орталық алаңда өткен наразылық шарасына айналасы 3-4 адам ғана жиналған. Сөйтіп, өз наразылықтарын алаңда дауыстап тұрып оқып, артынша өткен-кеткенге таратып берді. Байқоңырдан ұшырылған зымырандардың улы гептилі мен Астрахан облысындағы Капустин Яр полигонының зардабы бөкендердің қырылуының негізгі себеп дейді олар. Белсенділер биліктің осыны мойындауын талап етуде. Бірақ шенеуніктер 130 мың киікті жалмаған жұттың нақты себебін әлі айта алар емес.

Азамат Мұқанов, «Абырой» қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

— Бір ай өтсе де билік апат себебін анықтаған жоқ.  Біз ұлттық трагедияны зерттеу барысында Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылып жатқан улы гептил протон зымырандарынан келген зиян деп қарастыруды сұраймыз.