Дәл осы перзентхана 2013 жылы шақалақтарды сатуға қатысты басқа бір жағдай анықталған еді. Ол кезде екі медбике бала сатқаны үшін 8 жылдан арқалап кеткен болатын. Бұл жолы перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі мен тағы бір дәрігерінің анасы бас тартқан шақалақтарды жалған құжат жасатып 200 мың мен 300 мың теңге аралығында сатып отырғаны анықталды. Бала сатып алушылардың дені Шымкент, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан келіпті. Тіпті, дәрігердің бірі бірнеше баланы үйінде тудырып сатқан екен. Әзірге бұл іс бойынша екі адамға қатысты 3 баппен қылмыстық іс қозғалды. Осы жағдайға АХАЖ бөлімі мен делдардың қатысы бар болуы мүмкін.
Досымхан Әйтішев, Еңбекші ауданы прокурорының орынбасары:
— Бұл кісінің барлық жерде хабарлама сияқты, визиткасы болған. Тергеу барысында анықталып жатыр. Өйткені азаматтар өздері хабарласып, бұл кісіге телефонмен хабарласып отырған.