Қазақстан мен Финляндия Президенттері екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Финляндия Президенттері екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Финляндия Президенттері екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысуға келген Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесті.

  • 10 Маусым 2015
  • 497
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.  

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар негізгі мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.

Елбасы Финляндия Президентіне Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы V съезіне қатысатыны үшін алғыс айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ мемлекетаралық қарым-қатынастардың табысты дамып келе жатқанына назар аударып, Финляндия Президентінің елімізге 2013 жылғы сапары экономика мен басымдығы бар өзге де салалардағы ынтымақтастықтың жандана түсуіне септігін тигізгенін атап өтті.


С.Ниинистё Мемлекет басшысына шақыруы үшін алғыс айта отырып, екіжақты байланысты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.