Таразда велосипедші қыз қаққан әйел ауруханада көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда велосипедші қыз қаққан әйел ауруханада көз жұмды

Таразда велосипедші қыз қаққан әйел ауруханада көз жұмды

Астана тұрғыны, 32 жастағы  Сандуғаш Тұяқбаеваны Тараздың тап орталығында велосипедші қағып өлтірді.

  • 10 Маусым 2015
  • 502
Фото - Caravan.kz

ҚазАқпарат тілшісіне марқұмның ағасы Марат Сапарғали айтқандай, 6 маусым күні кешке Тараздың орталығында саябақ маңындағы тротуарда (Абай — Сүлейменов) велосипед мінген қыз  балалы әйелді қағып кеткен.

«16-17 жастағы қыз қаққан күйі еш көмек те көрсетпей, оқиға болған жерден ізін жасырған. Ауруханада шұғыл ота жасалғанымен дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады. Егер осы оқиғаны көргендер болса, шұғыл хабарласуларын өтінемін».

Ол баланың жағдайы жақсы екендігін мәлім етті. «Ол бүлдіршінді  соққыдан аман алып қалмақ болды. Соның салдарынан жерге басымен құлап, есінен танған»,-деді М. Сапарғали.

 Таяуда Сандуғаш Тұяқбаева үш баласымен бірге Таразға іссапармен келген күйеуіне келген.  


Сол күні ең кіші сәбилері бір жасқа толған. Ал Сандуғаштың туған күні — 20 маусым. Ол бұған 12 тәулік қалғанда өмірден озды»,-дейді М. Сапарғали.

Марқұмның мәйітін кеше Астанаға  жеткізді.

Таразда бірде-бір веложол жоқ. Бірақ кешкі мезгілде тілек білдірушілердің бәріне велосипед прокатқа беріледі.