Қазақстан әлемдік бірлік пен бейбітшілікке, дінаралық татулыққа өз үлесін қосуда - Н.Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан әлемдік бірлік пен бейбітшілікке, дінаралық татулыққа өз үлесін қосуда - Н.Назарбаев

Қазақстан әлемдік бірлік пен бейбітшілікке, дінаралық татулыққа өз үлесін қосуда - Н.Назарбаев

Қазақстан әлемдік бірлік пен бейбітшілікке, дінаралық татулыққа өз үлесін қосуда.

  • 10 Маусым 2015
  • 570
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезінің жалпы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезіне қатысушыларға Қазақстанның шақыруын қабыл алып келгендері үшін рзашылығын білдірген Елбасы: «осы күндердің ішінде сіздердің тілектеріңіз, әр діндердің Қазақстанға айтып жатқан тілектері Алланың алдында қабыл болсын дейміз, көңілдеріңіз үшін де рахмет айтамыз. Біз жаңа мемлекет ретінде көп шаруаны бітіріп, ядролық қарудан азат мемлекет құрып, көпұлтты, көпдінді мемлекеттің басын құрап, жаңа қоғам құрып жатқан елміз», — деді.

Сондықтан Мемлекет басшысы Қазақстанға деген сенім діндердің арасынан, халықтардың арасынан өте көп екендігіне ризашылық танытты.


«Осы миссияны көтеріп жүргеніміз өзімізге қуаныш деп санаймыз. Дүниежүзіндегі бірлікке, бейбітшлікке, дінаралық татулыққа Қазақстан өз үлесін қосып келеді. Қоса береді де. Сіздердің бізге көрсеткен сенімдеріңізге мен ризамын. Съезд жұмысына табыс тілеймін», — деді ҚР Президенті.