«Бекіре - 2015» шарасы аясында 20 қылмыстық іс қозғалды - БҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бекіре - 2015» шарасы аясында 20 қылмыстық іс қозғалды - БҚО

«Бекіре - 2015» шарасы аясында 20 қылмыстық іс қозғалды - БҚО

Батыс Қазақстан облысында 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында өткізілген «Бекіре - 2015» жедел алдын алу шарасы аясында

  • 10 Маусым 2015
  • 423
Фото - Caravan.kz

заң бұзушылардан 514 кг бекіре тұқымдас балық пен оның 2,9 кг уылдырығы, сондай-ақ 10 274,2 кг қара балық тәркіленді. 

БҚО ішкі істер департаментінің әкімшілік полициясы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, осы мерзімде бекіре тұқымдас балық пен оның өнімін заңсыз сатудың 3 фактісі тіркелді. Сонымен қатар, балық және балық өнімдерін рұқсат құжаттарынсыз алу мен тасымалдаудың 16, сонымен қатар уылдырық шашу кезінде балықты заңсыз аулаудың 38 оқиғасы (осының біреуі бекіре тұқымдас балықтарға қатысты) ашылды. Соған сәйкес 20 қылмыстық іс қозғалып, 37 әкімшілік хаттама толтырылып, 473 698 теңгеге айыппұл салынды. Осының 364 688 теңгесі өндірілді.