Шымкентте нан қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте нан қымбаттады

Шымкентте нан қымбаттады

Ас атасының бағасы 2 теңгеге көтерілген. Қала дүкендерінде бір бөлке 37 теңгеден сатылып жатыр.

  • 10 Маусым 2015
  • 510
Фото - Caravan.kz

Мұны нан қауымдастығындағылар жеңілдетілген ұн бағасының өсуінен деп түсіндірген. «Әлеуметтік нан бұған дейін 35 теңгеден сатылды. Өйткені біз ұнды жеңілдетілген бағамен 2300 теңгеден алып тұратынбыз. Ал 8 маусымнан бастап әр қап ұнға 400 теңге  қосылып келді. Яғни 2700 теңгеден алып жатырмыз. Соның салдарынан нанның бағасы қымбаттады, — дейді Ассоциация ОҚО «Нан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбдімәлік Көмекбаев. Жергілікті әкімдіктегілер де бұны растап отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Бадырақовтың мәлімдеуінше, үкіметтің әр тоқсан сайын бидай бағасын  аздап көтеру туралы қаулысы шыққан. Нанның бағасы тікелей ұнға байланысты. Ұн қымбаттаса, нан да өседі. «Біз қазір диірмендерімен келістік, ұнның әр келісін 54 теңгеден босататын болды. Наубайханадағылар нанды 35 теңгеден жеткізіп береді. Сатушылар өз кезегінде ас атасының бағасын 37 теңгеден асырмаулары тиіс», — дейді облыстық ауыл шаруашылығындағылар. Ақпарат http:
//www.24.kz/
 сайтынан алынды.