Қашағанда су көліктері соқтығысып бір адам өлім аузында жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашағанда су көліктері соқтығысып бір адам өлім аузында жатыр

Қашағанда су көліктері соқтығысып бір адам өлім аузында жатыр

Қашағанда оқыс оқиға! Мұндағы «Д» жасанды аралынан 12 шақырым қашықтықта екі су көлігі соқтығысты.

  • 11 Маусым 2015
  • 538
Фото - Caravan.kz

«БИЮИ Текес» кемесі сол маңда тұрған баржаны бір бүйірімен жанай өткен. Қазір бұл оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Ал апат салдарынан 3 адам жараланды. 24 жастағы мотрос ем-домнан соң үйіне жіберілсе, Грузияның екі азаматы ауруханада жатыр. Әсіресе, 1959 жылы туған кеме механигінің жағдайы өте ауыр. Ол қазір Атырау облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде емделуде.

Ербол Иманғалиев, Атырау облыстық ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

-Науқастың жағдайы ауыр. Науқас бізден консервативті ем алуда. Сақтандыру компаниясы арқылы науқасты басқа шетелге емді жалғастыруға алып кетеді.